Әділет министрі Бекир Боздағ Вашингтонда

Бекир Боздағ АҚШ-тық лауазымдысы Джефф Сешнспен бас қосты.

728336
Әділет министрі Бекир Боздағ Вашингтонда

Әділет министрі Бекир Боздағ Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленге қатысты папкаларды талқылау үшін Вашингтонға барды.

Бекир Боздағ АҚШ-тық лауазымдысы Джефф Сешнспен басқосты.

Әділет министрлігі ғимаратында 45 минутқа жалғасқан кездесудің артынан жазбаша мәлімдеме жасалды.

Кездесуде Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беру сұранысы қайталанды.

Бекир Боздағ Джефф Сешнстен Гүленнің уақытша тұтқындалуы және кері қайтарылуымен байланысты жіберілген папкалардың қысқа мерзімде сотқа жіберілуін талап етті.

Министрлік ақпарат көздері Боздағ-Сешнс кездесуінің болымды өткенін және екі министрдің тақырыппен байланысты жақын байланысты жалғастыратыны атап көрсетілді.

16-17 мамыр күндерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Вашингтонда бас қосатын президент Режеп Тайып Ердоғанның негізгі күн тәртібі арасында ФЕТӨ ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беру кезеңі де орын алады.



Ұқсас жаңалықтар