Бүгін 1-мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесі

1-мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесі ел көлемінде тойлануда.

723319
Бүгін 1-мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесі

DİSK, KESK, Түрік дәрігерлер одағы және Түрік мердігер және инженерлер одағы мен кейбір партия мен азаматтық қоғам ұйымдары Стамбұлдың Бакыркөй ауданында мерекені тойлайды.

30 мыңнан астам полиция қызметкері міндет атқаратын қалада кейбір паром сапарлары кейінге қалдырылып, жолдар көлік қатынасына жабылды.

Мемлекет басшылары жариялаған құттықтаулармен еңбекшілердің 1-мамыр халықаралық еңбекшілер күнін құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған жолдамасында 1-мамырдың бейбіт және бауырластық сезімімен провокациялардан аулақ бір мереке атмосферасында тойлауды тіледі.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса «Еңбек тіршілігіміздегі мәселелерді келіссөз бен ынтымақтастық аясында шешу арқылы еліміздегі демократиялық сенім мен тұрақты одан да күшейтетінімізге шын жүректен сенемін» деді.

Еңбек және Әлеуметтік қауіпсіздік министрі Мехмет Мүеззиноғлу болса «Әділетті, қатысушы, келісуші және ынталандырушы бір көзқараспен еңбекші бауырларымыздың еңбектерін қорғап, кәсіподақтық қозғалыстарын қолдаушысы ұстанымымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар