Ердоғанның адвокатынан қылмыстық шағым
Ердоған француз саясаттанушының сөздері үшін шағым білдірді.

Президент Ердоған француз саясаттанушы Philippe Moreau Defarges жөнінде қылмыстық шағым білдірді.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның адвокаты Хүсейін Айдын Анкара Республика бас прокуратурасына «президентке қастандық жасау үшін арандату» қылмысына байланысты 4 беттік шағым тапсырды.
Француз саясаттанушы бір телеарнада президент Ердоған жөнінде: «Қазір құқықтық жолдар жабылды. Я азаматтық соғыс не болмаса айтуға қиын гипотез Ердоғанның өлтірілуі. Осындай атмосферада қастандық туралы ұмытпайық» деген болатын.
Адвокаттың шағым арызында француз саясаттанушының батыста психиатриялық науқасқа айналған Ердоған дұшпандығының келген жерін көрсететі атап айтылды.
Арызда француз саясаттанушының нөмірі 5237 Түрік Қылмыстық заңының 310-шы бабындағы «Президентке қастандық және іс жүзінде шабуыл» қылмысын жасағаны айтылды. «Бұдан бұрын Еуропаның түрлі қалаларында президентімізге қастандық қылмысына шақыру секілді іс-әрекеттер мен Еуропаның көптеген елінде ашық қолдау тауып отырған террористік ұйымдар да назарға алынғанда, күдіктінің мәлімдемелерінің қарапайым пікір білдіру еместіші, аталмыш қылмысқа арандатушылық екені анық. Күдікті жөнінде атап өтілген қылмысқа байланысты Түркияда тергеу және соттық іс жүргізілуі құқықтық тұрғыдан мүмкін» деп айтылды.
Француз саясаттанушыға жоғарыда аталған қылмысқа байланысты тергеу ашылуы талап етілген арызда Түркияға келген немесе Түркияға тапсырылған жағдайда Defarges-тің ақыл-есінің тексерілуі де сұралды.
Ұқсас жаңалықтар

Жоғары сайлау кеңесі мәлімдеме жасады
Президент Ердоған мен Кылычдароғуның президенттік сайлауға үміткерлік өтініштері қабылданды.

Президент Ердоған Хатайда ауызашарға қатысты
Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда жүргізілген жұмыстарға назар аударды.