"Химиялық қару қолдану әлеуеттері әлі де бар"

Сыртқы істер министрі Италияда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

710055
"Химиялық қару қолдану әлеуеттері әлі де бар"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирия әкімшілігінің әлі химиялық қару қолдану әлеуеті бар екенін айтып ескертті.

«Үлкен жетілік» елдер саммиті үшін Италияға барған Чавушоғлу журналистердің сұрақтарына жауап берді. Чавушоғлу: «Асад билігі тек химиялық қарулармен емес,  танк және басқа да қарулармен оппозицияны атқылауын және жазықсыз адамдарды өлтіруін тоқтатуы керек. Билік бітімді жиі-жиі бұзып отыр» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның «Үлкен жетілік» елдер саммитінен кейін Мәскеуге баратынын еске салған Сыртқы істер министрі Тиллерсонмен Ресейде талқылануы керек мәселелерді қолға алғандарын білдірді.

Сыртқы істер министрі: «Сирияның осы билікпен өмірін жалғастыра алмайтыны айқын. Уақытша үкіметті дереу жүзеге асыру керек. Террорлық ұйымдармен де күресті жалғастыру керек. Болуы мүмкін рисктерді де күн тәртібіне келтірдік. Идлибке шабуылдауы мүмкін екенін,  бұған да дайын болу керектігін атап көрсеттік. Қолымыздағы мәліметтерге қарағанда биліктің химиялық қару қолдану әлеуеті бар. Асадсыз Сирия үшін Ресейдің көндірілуі қажет. Ең жақсы шешім саяси шешім екенін атап көрсеттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар