Премьер-министр Кайсериде атазаң өзгерісін түсіндірді

Премьер-министр Кайсеридегі кешкі қонақасыда зиялы қауым мен азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдерімен басқосты.

704217
Премьер-министр Кайсериде атазаң өзгерісін түсіндірді

Премьер-министр Йылдырым Еуроодақ елдерінің ПКК және Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) сияқты ұйымдарды қорғап, Түркияға қарсы ұстаным ортаға қойғанын атап көрсетті.

Түркияда 16 сәуір күні өтетін бүкілхалықтық референдумда Еуроодақ елдерінің ашық түрде тарап болып, қорытындының болымсыз шығуы жөнінде талпынғандарын атап көрсеткен Йылдырым «Қазір FETÖ, PKK, DEAŞ террор ұйымдары мен Еуроодақ бір нысананың төңірегінде жиналып «қарсы» акцияның тарапы болған. Бұл өте мағыналы. Яғни бұл атазаң өзгерісінің еуропалықтарға не қатысы бар? Еуропалықтар біздің бүкілхалықтық референдумға дауыс бере ме екен? Бұлар неліктен PKK мен ФЕТӨ-ні жақтайды?» деп наразылық көрсетті.

Йылдырым бұл атазаң өзгерісінің маңызды екенін атап, «Атазаңға енгізетініміз өзгеріс соншама баршаның ықпалын жоямыз. Бар нәрсенің иесі халық болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар