"Түркия халықаралық ұшу қауіпсіздігі ережелеріне бағынышты"

Министр Ахмет Арслан АҚШ пен Ұлыбританияның Түркияны да қамтитын жаңа ұшу ережесі себепті әріптестеріне хат жолдады.

696983
"Түркия халықаралық ұшу қауіпсіздігі ережелеріне бағынышты"

Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан АҚШ-тың араларында Түркия да бар 8 елден тікелей рейстерде ұшақтың кабинасына ішінде ұялы телефоннан үлкен электроникалық аппарат алып кіруге тыйым салу тақырыбы жайлы АҚШ-тық әріптесіне хат жолдады.

Арслан хатында Стамбұл мен Анкараның тыйым салынған елдер тізімінен шығарылу керектігін атап көрсетті.

Хатта «Бұл ереже жолаушылардың ұшу комфортына кері әсер етеді. Стамбұл мен Анкараның тыйым салынған әуежайлары тізімінен шығарылуы керек. Түркия халықаралық ұшу қауіпсіздігі ережелеріне толық бағынышты» деп жазылған.

Ахмет Арслан ұқсас бір хатты бірдей мәселемен байланысты ағылшын әріптестеріне жолдады.

АҚШ және Ұлыбритания тарапынан іске қосылған жаңа ұшу ережесі Стамбұлға қоса, Абу-Даби, Дубай, Оман, Джидда, Эр-Рияд, Доха, Каир, Касабланка және Кувейтті де қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар