Түркияда кәрі тұрғын саны артты

Түркия Статистика мекемесінің 2016 жылға байланысты «Статистикаларда қариялар» есебі жарияланды.

692926
Түркияда кәрі тұрғын саны артты

Түркия Статистика мекемесінің 2016 жылға байланысты «Статистикаларда қариялар» есебі жарияланды.

Осыған қарай Түркияда 65 және одан да жоғары жастағы халық 2012 жылы 5 миллион 682 мың болса, соңғы бес жылда 17,1 пайыз артып, 2016 жылы 6 миллион 651 мың 500 адам болды. Қария тұрғындардың барлық тұрғын ішіндегі көрсеткіші болса 2012 жылы 7,5 пайыз болса, 2016 жылы 8,03 пайызға жетті. Қария тұрғындардың 43,9 пайызы ер адамдар,  56,1 пайызы әйелдер.

Қариялардың 61,5 пайызы – 65-74, 30,2 пайызы – 75-84, 8,2 пайызы 85 және одан жоғары жастағылар.

Түркияда қариялар Синопта көп. Артынан Кастамону мен Чанкыры келеді.

Ал 100 жас және одан жоғары жастағылар қариялардың 0,1 пайызын құрайды.  Олардың саны 5 мың 232.



Ұқсас жаңалықтар