Түркия Болгария үкіметіне шақыру тастады

Түркия Болгарияны азсандылардың саяси құқығын шектеуді мақсат еткен бастамалардан бастартуға шақырды.

687958
Түркия Болгария үкіметіне шақыру тастады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хүсейин Мүфтиоғлу Болгария Сыртқы істер министрлігінің 2017 жылы 7 наурыз күнгі баспасөз мәлімдемесімен байланысты бір сұраққа қайтарған жауабында «Болгария Сыртқы істер министрлігінің 2017 жылы 7 наурыз күнгі баспасөз мәлімдемесіне назар аударып, ‘Ережелер негізді’ Еуропа жүйесінің құрушылары арасында Түркия Республикасы да орын алады. Бұл ережелер жүйесіне сілтеме жасаудың Түркияда өмір сүрген түрік текті (Болгария) азаматтарының ең негізгі саяси құқы болған сайлау құқынан пайдаланудан мақұрым қалдыру мақсатымен Түркияда (Болгариядағы сайлаулар үшін) құрылатын сандық санын 35-пен шектеу үшін арнайы бір заң шығарған бір елден келуі ойландырады. Болгария Республикасын еліндегі азсандылардың саяси құқығын шектеу мақсатты және Еуропа заңдар жүйесіне әбден қарама-қайшы мұндай іс-шаралардан бастартуға шақырамыз» деді.

Болгария министрлігінің мәлімдемесінде орын алған материалды қолдау уәдесі сияқты қауесеттердің шындыққа жатпағанын атап көрсеткен Мүфтүоғлу Түркияның ешбір мемлекеттің ішкі істеріне араласуының мүмкін емес екенін білдірді.

Мүфтүоғлу мәлімдемесінде «Түркия Республикасы қазірге дейін болғандай, еліндегі барлық Болгария Республикасы азаматтарының Болгариядағы сайлауда дауыс қолдануы үшін қажетті ең ыңғайлы шарттарды қамтамасыз етуді жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар