Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды

Министр Чавушоғлу Ракка операциясы дайындықтарының басталғанын білдірді.

677449
Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ДАИШ террор ұйымына қарсы YPG-PKK сияқты бір террор ұйымымен қозғалудың жыланмен бірдей төсекке кірумен бірдей екенін атап айтты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында байланыстарын жасаған және президент Мұстафа Акынджы тарапынан қабылданған Чавушоғлу оңаша және делегация аралық кездесудің артынан баспасөз жиналысы өткізді. Чавушоғлу жиналыста Сириядағы Ракка операциясы дайындықтарына тоқталды.

Евфрат қалқаны операциясының табысты түрде жалғасқанын, Әл-Бабтың толығымен қоршауға алынғанын және қаладағы қақтығыстардың жалғасқанын атап көрсеткен Чавушоғлу аймаққа қазірге дейін Түркиядан 45 мың сириялықтың оралғанын атап айтты.

Чавушоғлу президент Режеп Тайып Ердоған тілге тиек еткен террордан тазаланған қауіпсіз аймақтың өзінен өзі пайда бола бастағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар