Президент Бердімұхаммедовты құттықтады

Ердоған Бердімұхаммедовқа жеделхат жолдады.

672832
Президент Бердімұхаммедовты құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанда президенттік міндетіне қайтадан сайланған Құрбанқұлы Бердімұхаммедовты құттықтады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда,  Ердоған Түрікменстанда 12 ақпан күні өткен сайлауда дауыстардың көбін жинап, қайтадан президент ретінде сайланған Бердімұхаммедовқа құттықтау жеделхатын жіберді.

Сайлау қорытындысының Түрікменстан үшін қайырлы болуын тілеген президент Ердоған жеделхатта былай деді: «Алдымыздағы кезеңде де бауырлас екі ел Түркия мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсетініне сенемін. Сіздің табанды және ұстанымды басшылығыңызда Түрікменстанның даму және молшылық жолында мықты қадаммен алға жылжитынына кәміл сенемін»



Ұқсас жаңалықтар