Түрік-Америка қарым-қатынасы қолға алынды

Сессияда Түрік-Америка қарым-қатынастарының болашағы қолға алынды.

664797
Түрік-Америка қарым-қатынасы қолға алынды

Мамандар Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп кезеңінде Түрік-Америка қарым-қатынастарында жаңа бір көкжиек ашылуы мүмкіндігін түсіндірді.

Бахчешехир университетінің орталығы Вашингтон болған ой-пікір ұйымы «Жаһандық саясат институтында» ұйымдастырылған сессияда Түрік-Америка қарым-қатынастарының болашағы қолға алынды.

«Түрік-Америка қарым-қатынастарында жаңа  бастама» атты сессияда сөз сөйлеген АҚШ саясат және әскери жұмыстарына жауапты сыртқы істер министрінің бұрынғы кеңесшісі Марк Киммит  Түрік-Америка қарым-қатынастарының ортақ мүддесі негізінде мемлекеттік деңгейде қалыптасқан бір ынтымақтастықтың бар екенін айтты.

Киммит Түркияның орталығында болған бір дағдарыс картасын көрсетіп, Ауғанстаннан Ливияға, Украинадан Сирияға дейінгі аймақтағы барлық дағдарыстардың тікелей және жанамалай түрде АҚШ мүдделеріне ықпал тигізгенін, сондай-ақ осы дағдарыстардың қиылысқан түйінінің болса Түркия екенін баяндады.

Институт төрағасы Бурак Куртай да «Біз НАТО одақтасымыз, стратегиялық АҚШ-пен ортақпыз. Әскери, саяси және экономика сынды салаларда ынтымақтастық жасаудамыз. Бірақ АҚШ-тың Сирияда террор ұйымы ПКК-ның жалғасы PYD-мен ынтымақтастық жасағанына қайғырудамыз. Түрік халқы қайғыруда» деді. 


Этикеттер: #Америка , #АҚШ , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар