Грекия соты қашқын түрік әскерлерін кері қайтармауға шешім қабылдады

Грекия Жоғары соты Грекияға қашқан 8 әскерді Түркияға кері қайтармауға шешім қабылдады.

659850
Грекия соты қашқын түрік әскерлерін кері қайтармауға шешім қабылдады

Грекия Жоғары соты Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралельді құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысқан соң Грекияға қашқан 8 әскерді Түркияға кері қайтармауға шешім қабылдады.

Жоғары соттың 4 жүзбасы, 2 мыңбасы және 2 унтер-офицер туралы бүгін шешім қабылдауы күтілетін.

Басқа жағынан Грекия Әділет министрі Ставрос Кондонис «Үкімет Жоғары соттың шешімін құрметтейді» деген болатын.

Қашқын әскерлер жайлы нақты шешімнің 23 қаңтар күні жариялануы күтілетін. Алайда бір төрешінің аварияға ұшырауы себепті, шешім бүгінге қалдырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар