Түнгі клубта адам өлтірген террорист ұсталды

39 адамды өлтірген Абдулгадир Машарипов ұсталды.

652801
Түнгі клубта адам өлтірген террорист ұсталды

Жаңа жылда Стамбулда бір түнгі клубқа шабуыл жасап, 39 адамды өлтірген Абдулгадир Машарипов ұсталды.

Түркия Ұлттық барлау ұйымы мен қауіпсіздік күштерінің операциясында террористпен бірге 5 адам құрықталды.  Олардың үшеуі әйел, бірі қырғыз азаматы ер адам.

Бешикташтағы шабуылдан кейін террористтің ұсталуы үшін 17 күннен бері тынымсыз жұмыстанған полиция кызметкерлері түрлі қалаларда операция жүргізді. Террористтің ізін тапқан полиция оның байланысқан адамдарын табу үшін ізденісін жалғастырды.

Стамбул қауіпсіздік дирекциясы жанындағы Терроризммен күрес командасы террористтің Есенюрт ауданында жасырынғанын анықтады. Түрлі адрестерге бірдей уақытта операция жасаған полиция террористті жасырынған жерінде құрықтады.

Құрықталған бес кісінің үшеуі Мысыр, Сенегал және Сомалиден келген әйелдер. Террористтер жасырыну үшін осы әйелдерді қолданған.

Террор ұйымы ДАИШ-тің өзбек құрылымына бағытталған операцияларда да көптеген адам ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар