Террористтің кім екені анықталды
Измир қаласында 20 адам ұсталды.
Стамбулда жаңа жыл күні бір түнгі клубта 39 адам қаза тапқан терактіні жасаған террористтің кім екені белгілі болды.
Бұл жөнінде мәлімдеме Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берген Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлунан келді.
Министр шабуылды жасаған адамның кім екенін анықтағандарын және байланысқан кісілерін ортаға шығару жұмыстарының жалғасуда екенін айтты.
Осы арада шабуылмен байланысы бар екені алға тартылған күдіктілерге бағытталған операцияда Измир қаласында 20 адам тұтқындалды.
4 бөлек жерде болған полиция операциясында Дағыстан, Шығыс Түркістан және Сирия азаматтары болып табылатын 20 адам ұсталды. Олардың 11-і әйел.
Күдіктілердің үйлеріндегі тінту барысында дүрбілер, GPS жиһазы және басқа да әскери материалдар табылды.
Ұқсас жаңалықтар
Хакан Фидан Испания Байланыс тобының отырысына қатысады
Испания премьер-министрі Араб Лигасы құрған Байланыс тобының сыртқы істер министрлерін қабылдады.