Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тің 6 террористі өлтірілді.

643720
Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау мақсатты Түркияның басшылығында 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны операциясында ДАИШ-тің 6 террористі өлтірілді.

Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда құрлықтан және әуеден берілген қолдаумен Әл-Бабты құтқаруға бағытталған жоспарлы операция жалғасуда.

Операцияның 134-ші күнінде ДАИШ-тің 104 нысаны жойылды. Қақтығыстар мен зеңбірек шабуылдарында 6 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы қақтығыстарда жазықсыз адамдарға зиян келмеуі үшін әртүрлі шаралардың қабылданғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар