Министр елшіні қабылдады

Сауд Арабиясы өкілетті елшісінің міндеті аяқталды.

640719
Министр елшіні қабылдады

ТР Ұлттық білім беру министрі Исмет Йылмаз Сауд Арабиясының Түркиядағы өкілетті елшісі Адел Сираж Мердадты қабылдады.  Өкілетті елші қоштасу үшін келді.

Қабылдауда Түркия мен Сауд Арабиясының бірге жұмыстануының маңызына тоқталған министр елшінің міндеті барысында екі ел қатынастарының жақсы жетілгенін айтты.

Йылмаз Сауд Арабиясының әсіресе Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін үкімет пен түрік халқына берген қолдауына алғыс айтты.

Міндеті аяқталған елші Мердад та Түркиядағы 3 жылында екі ел қатынастарының алға жылжығанын айтты. Ол елінде Фетуллахшы террор ұйымымен байланысты бар мектеп жоқтығын айтып,  кейбір журналдардың жабылғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар