Түрік Сыртқы істер министрі наразылық білдірді

Халебте бітімді бұзуға тырысқандар бар.

630259
Түрік Сыртқы істер министрі наразылық білдірді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Халеб (Алеппо) қаласында кеше жасалған бітімнің бірінші сағаттарынан-ақ бұзыла бастағанына наразылық білдірді.

Чавушоғлу бітімге Асад әкімшілігі әскерлерінің және басқа да күштердің  кедергі болуға тырысқандарын айтты. «Бір келісімге келген едік. Тіпті автобустарды да жолдадық. Бірақ Асад және кейбір топтар бұған кедергі болды.  Біз Түркия ретінде қолымыздан келгенді жасауға тырысудамыз. Бірақ қылмыстыларды да көруіміз керек.  Мен тағы Лавровпен сөйлесемін» деді ол.

Асад күштері мен Иран басшылығындағы шиіт сарбаздар Халебтің шығысындағы бітімді бұзып,  қоршау астындағы аймақтарға шабуылдауда.

Осы арада шығыс Халеб аймағында шабуылдарда бітімнен бұрынғы екі күнде 67 адам қаза тапты.

Аймақта 15 қараша күнінен бері өлтірілгендер саны 1138 болды.

Шығыс Халебте жүз мыңдаған азамат 4 қыркүйек күні Асад күштері мен шиіт сарбаздардың қоршауына кірген болатын. Әуе шабуылдарында барлық медициналық орталықтар, мектептер мен наубайханалар қирады.



Ұқсас жаңалықтар