Түрік Қарулы күштері Әл-Баб халқына мәлімдеме арқылы үн қатты

Халықтан қолдау сұрады.

628322
Түрік Қарулы күштері Әл-Баб халқына мәлімдеме арқылы үн қатты

Түрік Қарулы күштері Әл-Баб халқына мәлімдеме арқылы үн қатты.

Сирияның солтүстігінің терроризмнен тазалануы үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған «Евфрат қалқаны» операциясы табысты жүргізілуде.

Түрік Қарулы күштерінің халыққа мәлімдемесінде «Шайтанға қызмет еткен ДАИШ террор ұйымының сіздерді қолдануына рұқсат етпеңіздер» деп айтылды.

Түрік соғыс ұшақтары арқылы бейбіт халыққа жеткізілген мәлімдеме арқылы халықтан қолдау сұралды. «Сіздердің еркіндік және тыныштығы үшін күрескен Еркін Сирия Армиясы және бауырларына қақпасын ашқан Түркия Республикасы өз жеріңізде тыныш өмір сүру үшін бар күшін қолдануда. Бізге көмекші болыңыздар және біздер сіздердің жеріңізді осы опасыздардан тазалағанға дейін зиян көрмеуі үшін жақындарыңызды сенімді аймақтарға көшіріңіздер. Құдай қаласы,  жеңіс жақын» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар