Түрік соғыс ұшақтары Сирияда ДАИШ нысаналарын бомбалады
Евфрат қалқаны операциясының 107-ші күні шыққан қақтығыстарда ДАИШ-тік 32 террорист өлтірілді.
626211
Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 қараша күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясының 107-ші күні шыққан қақтығыстарда ДАИШ-тік 32 террорист өлтірілді.
Бас Штаб Басқармасы ДАИШ-ке бағытталған әуе операциясының көріністерін бөлісті.
Бас Штаб Бөліскен көріністерде 3 танк, 1 бомба тиелген көлікке қоса, араларында ДАИШ қолданған ғимараттар бар 12 нысана жойылды.
Бұл әуе операциясында 23 ДАИШ-тік террорист өлтірілді.
Әуе операциясының артынан жасалған шабуылда болса тағы 9 террорист өлтірілді.
Операция басталған күннен бері ДАИШ террор ұйымынан тазаланған аймақтарда 42 мина және 2 мың 8 қолдан жасалған жарылғыш жойылды.