«Гөктүрік-1» - Түркияның ғарыштағы көзі

Президент Ердоған «Гөктүрік-1» жер серігіндегі отандық үлестің 20 пайыз екенін атап көрсетті.

624777
«Гөктүрік-1» - Түркияның ғарыштағы көзі

Түрік қарулы күштерінің нысана барлау қызметі сұранысы мен әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары сапалы көрініс алу қызметін қамтамасыз ететін Гөктүрік жер серігі француз Гвианасынан ұшты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ-ның (TUSAŞ) Акынджыдағы орталығынан жер серігінің ғарышқа ұшуын тікелей эфирде қадағалады.

Президент Ердоған рәсімде айтқан сөзінде Түркияның өз технологиясын өндіруді жалғастыратынын атап, «Гөктүрік-1» жер серігінің жұмыстарына табыс тіледі.

«Гөктүрік-1» жер серігіндегі отандық үлестің 20 пайызды құрағанын атап көрсеткен Ердоған «Бүгін бақыттымын. Өте үлкен табыстар, аса маңызды жобалар бізді күтеді» деді.

Шамамен 90 минутта Жер шарын бір рет айналатын жер серігінің жылына 60 мыңнан астам көріністі орталыққа жіберуі күтіледі.

Жер серігі Түркияның үстінен өткен сайын ғаламшардың әртүрлі аймақтарынан түсірген фотосуреттер мен бейне көріністерді Әуе күштері қолбасшылығына қарасты Жер серігі станциясына жібереді



Ұқсас жаңалықтар