Еуропа, Түркофобия және қауіпті келешек

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калынның мақаласы.

622501
Еуропа, Түркофобия және қауіпті келешек

Артып отырған нәсілшілдік, шетел дұшпандығы, көшпенділерге қарсы топтар, радикализм, жатсыну және Исламофобия сияқты нағыз мәселелерді қолға алуда табыссыз болған бір кезеңде Еуропа Парламенті (ЕП) Түркияға қарсы жанжал бір шешімге қолтаңба қалдырды. Еуропа өз ішкі мәселелері, микро-ұлтшылдық және «Brexit» кезеңінің қосылуымен стратегиялық көрінісін кішірейтіп, байланысын үзуде. Еуропа Парламентінің 24 қараша күні қабылдаған Түркиямен келіссөздерді тоқтату шешімін қате қалыптасқан қорқулар, бұрын қалыптасқан көзқарастар және саяси популизмді қамтитын одан ауқымды бір ортада бағалау керек. Шешімнің заңды түрде бағыныштылығы болмағанмен, бұл - Еуропа парламентіндегі уланған саяси климат пен кішірейген стратегиялық көзқарастың бір көрінісі. Бұл жағдай Еуропада артып отырған түріктерге қарсы саяси популизмді асқындырады. Кәрі құрлықтың түріктер мен Түркияға деген бұрынғы болымсыз көзқарастарын ашып көрсетеді.

Күн сайын Еуропада біреулер табысты бір жұмысқа айналған Түркияға және Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанға шабуылдау және ұпай жинау үшін бағын сынайды. Саясат қайраткерлері, журналисттер, күлдіргі актерлер, өнерпаздар және басқалар Ердоғанға қарсы бар ынтасын ортаға салады. «Ердоған» сөзі енді Түркия Республикасының президенті болған тұлғаның атауы емес, оның орнына қашан оппозиция шығатын, шабуылдайтынын, абыройын таптайтын және өздерін тынышталдыратын «басқа тұлға» ізденісі кезінде оларды жәрдемге шақыратын белгісіз бір ұғымды көрсетеді.

Біз бұл Ердоған мазасыздығы бар қалың жұрттың қимылдары, таптағысы келген сындарымен бірге қорқынышты айқай салып, мұндай провокацияларының белгілі бір наразылыққа жол туғызуды үміт еткен кездерін де көрдік. Олар армандаған наразылық кейін қайтадан Ердоған мен қажет кезде барлық жерде қолданатын ыңғайдағы басқа белгісіз бір ұғым ретінде «Ердоған жақтаушыларын» сайтан көрсететін секілді еді. Түрік пен неміс текті, мұсылман бір әйел Элиф Зехра «Ердоған қорлау сөзіне айналды. Бұрынғы көзқарастарды ортаға қоятын, өлмейтін бір дұшпан. Ердоған - Еуропаға жараспайтын не бар болса, соның өзі» дейді.

Бұл жаңа шаблонның алаңдатушы бір мысалын Ердоғанға жүйелі түрде шабуылдауды әдетке айналдырған неміс «Der Spiegel» журналының қыркүйек санынан көруге болады. Журналдың мұқабасында Ердоған күннен қорғайтын көзілдірік киген «мафия» ретінде екі мұнарасы зымыран болып бейнеленген Сұлтанахмет мешітіне қарап отырғандай суреттелген. Зымыран болып бейнеленген мұнаралар Ердоғанды мафиядай суреттеген күннен қорғайтын көзілдіріктерінің әйнектерінен көрінеді. Осымен өрт, алау және зұлымдық ишара етілген. Журналдың тақырыбы болса осы суреттің айтқысы келгенін түсіндіретіндей: «Түркия еркіндігін жоғалтуда».

«Der Spiegel» журналының бұл сыртқы беті табыссыз болған Гүленнің төңкеріс әрекетінен екі айдан кейін жариялануы ойландырады. Бәлкім бұл неміс журналы төңкеріс әрекетінің табыссыз болғанына риза емес шығар. Журналдың мұқабасына Түркияға еркіндігін қайтарып берген тұлға ретінде төңкеріс әрекетінің көшбасшысы Фетуллах Гүленнің күлімсіреген (немесе жыламсыраған) бір суретін қойғысы келетін шығар. «Der Spiegel» төңкерісті демократия үшін жақсы бір нәрсе сияқты тойлап, табысты тілшілік қабілеті негізінде демократия мен әскери төңкеріс арасында ешбір көзқарас қайшылығы жоқ екенін түсіндіру үшін қолданар еді.

Бұл журнал және оның Ердоғанға қарсы болған Еуропадағы жақтастары сондай-ақ ПКК-лық террористтер мен қолдаушыларын Германия және Еуропаның басқа жерлерінде асырап қорғаудың демократияға қалай үлес қосқанын, мұның терроризммен қандай күрес екенін түсіндіруге тиісті. Кельнде төңкеріске қарсы болып өткен бір шерудің неліктен неміс медиасында соншама үлкен мәселеге айналдырылғанын түсіндіп, бірнеше аптадан кейін ПКК-ның үгіт-насихатын жасайтын басқа бір шеруге неліктен рұқсат бергенін және неміс медиасында алаңдатушылыққа жол ашпайтындай қалай орын алғанын түсіндіре білу керек.

Ұлтшыл социалистік жерасты ұйымы «NSU»-дың нәсілшіл қастандықтарын заңдастыру және айыптауларды жою үшін кейбір сиқырлы әдістер табуы мүмкін. Өздерінің нәсілшіл неонацист шабуылдарын заңды қып көрсету үшін Германиядағы түріктерге провокация жасау мәз қылатын шығар. Қияли бір Гитлер символы шығарып, бұл қиялды тарату арқылы әлемге «жаманның» әрқашан өздерінен шықпағанын көрсетуге тырысуы мүмкін. Холокост қырғыны жол ашқан кінәкар сезімталдықты сәл де болса азайту үшін қырғын хикаяларын іске қосулары да мүмкін. Толық ассимиляцияны интеграция ретінде көрсететін кейбір қияли жолдар тауып, көшпенділерді жақсылар (яғни өздері сияқтылар) және жамандар (яғни сыншыл бағыныштылығы жай бір қой сияқты бағынуды қабылдағандар) деп бөлуі мүмкін. Бұл тізімді осылайша жалғастыруға болады.

Бұл Ердоған мазасыздығы жай нәрсе емес. Негізінде одан ауқымды тақырыптардың бәлкім кейбір психологиялық мәселелердің бір белгісі ретінде ортаға шығуы. Бұл Еуропада өмір сүрген түріктер мен мұсылмандарға қарсы мазасыздықтан бастап, неміс канцлер Ангела Меркельдің Түркиямен қол қойған көшпенді келісіміне дейін барады. Сондай-ақ жақындап бара жатқан негізгі мәселелерден қашу үшін де ыңғайлы бір жұбаныш. Нәсілшілдікті жай нәрсеге айналдырады және негізгі ағым саяси сөйлемдерді қауіпті түрде радикал оңшыл және Исламофобиялық бір тұғырға итермелейді.

«Der Spiegel» журналының сыртқы беті де сондай-ақ нәсілшіл және исламофобиялық түрде мұнараларды зымыран ретінде бейнелеп, исламды террормен теңестіреді және Ердоғанды діни терроризмнің жетекшісі ретінде ұсынады. Дегенмен бәрібір бұрын мода болған антисемитизмге батудан құтыла алмайды. Этникалық үлестестікті, мәдениеттер мен діни нанымдарды нысанаға алып, белгілі бір топ адамға шабуылдайды. Бір-бірінің ішінен шығып отырған орыстардың матрешкасы сияқты  Ердоғанға қиянат жасау және Түркофобиядан бастап, исламофобияға дейін, одан шетел дұшпандығы және артынан нәсілшілдікке дейін барады. Бұлардың баршасы бірдей сананың әртүрлі сатылары болып табылады.

Еуропа парламенті, «Der Spiegel» және баламалары Ердоған мен батыл түрік халқына төңкерістің алдын алғаны үшін шабуылдаудың орнына құрметтеу мақсатты бас ию керек еді. Түрік халқы 15 шілде күні тек қана түрік демократиясын құтқарып қойған жоқ, барлық демократияларды құтқарды. Қорғағандары тек қана Түркияның қауіпсіздігі емес еді, түрік халқы сондай-ақ сол күні түнде Балкан мен Еуропаның да қауіпсіздігін сақтап қалды. Сондықтан Еуропадағы ПКК қолдаушыларын қорғау және ынталандырудың орнына терроризмге қарсы нақты бір ұстаным ортаға қою керек. Бұл екі жақты бағыныштылық ғасырында біреуге қауіп төнгені баршаға қауіп төнді деген сөз. Еуропалықтар Түркияға шабуылдаған баршаға құшақ жаю арқылы қатты қателеседі. Түркиядан шеттетуі Еуропаны одан жақсы немесе одан қауіпсіз бір жер қылмайды.

Еуропада сонда да Түркия дұшпандығына сүйенген саяси қайғылардың ізіне түспеген көптеген оңтайлы және сезімтал адам бар. Бұлар - Еуропада демократия, еркіндік пен құқықтың үстемдігі құндылықтарына басқа ұлттар назарға алынғанда бөле жармай бағынған адамдар. Жаһанданған және артып отырған екі жақты бағынышты әлемдегі жедел мәселелердің шешімі үшін бірге жұмыстанудың маңызын біледі. Еуропадағы көшпенділерге қарсы ұстаныммен шетел дұшпандығы ағымына беріліп, сапасыз саяси ұпай жинаудың ізіне түспеген. Олар «Демократия тек қана біздің мүдделерімізге қызмет еткенде ғана жақсы» деген прагматикалық көзқарасты жақтамайды. Көш тақырыбын біз өмір сүріп жатқан ғаламшардың бір шындығы ретінде болымды түрде қабылдап, моральдік және саяси жауапкершілікпен күресті жақтайды. Түркияны бір дұшпан немесе басқаның меншігі емес, одақтас ретінде мойындайды.

Бұл адамдар Еуропаның саяси мүдделер алдында тізе бүгуден гөрі жақсы нәрселер жасау керектігіне сенетін, Еуропаның Түркия және әлеммен байланысын, бағыныштылығын қорғау үшін күрескен адамдар. Соңғы жарты ғасырда байқалған ең үлкен босқын дағдарысы алдында Еуропаның ұстанымынан қатты ұялады және осы тақырыпта бір нәрселер жасағысы келеді. Түрік халқын төңкеріс және террорист топтарға қарсы ойланбай қолдайды. Түркияның қауіпсіздігін Еуропаның да қауіпсіздігі ретінде қабылдайды. Барлық болымсыздықтарға қарамастан Еуропаны қазіргі ұйқыдан құтқаратындар да міне - осы адамдар.



Ұқсас жаңалықтар