Аданадағы оқушы жатақханасында өрт шықты

Өртте 11 қыз оқушы мен 1 қызметкер көз жұмды.

620389
Аданадағы оқушы жатақханасында өрт шықты
aile ve sosyal politikalar bakanı.jpg

Аданада провинциясының Аладаг ауданындағы оқушы жатақханасында өрт шықты. Өртте 11 қыз оқушы мен 1 қызметкер көз жұмды.

Апатта көбі оқушы 22 бала да жарақат алды. Жарақат алған осы  22  бала қауіпсіз жерге көшіріліп, шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Адана губернаторы Махмут Демирташтың хабарлауынша, олардың барлығы тегіс жараланып, өрт жалынынан тұншыққан. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырым Адана губернаторы Мехмет Демирташқа телефон шалып, өрт жөнінде мағлұмат алды.

Премьер-министр орынбасары Вейси Кайнак, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу,  Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетул Саян Кая да өрт болған жерге барып, тексеру жүргізді.

Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш, Еуропа Одағы министрі Өмер Челик және Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ болса өртке байланысты көңіл айту мәлімдемесін жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар