Түрік соғыс ұшақтары террор ұйымының нысаналарын жойды

Операция аясында ДАИШ-ке мүше 1 террорист өлтіріліп, қарулы көліктер мен ұшақ қағар жойылды.

Түрік соғыс ұшақтары террор ұйымының нысаналарын жойды

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясының 76-шы күні ДАИШ террор ұйымы мүшесі 1 террорист өлтіріліп, қарулы көліктер мен ұшақ қағар жойылды.

Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеге қарағанда, ДАИШ террор ұйымының 58, террор ұйымы ПКК/ПЙД-нің бір нысанасы жойылды. Осындағы баспаналар, қорғаныс бекіністері, штаб пәтер, қару мен көліктері жойылды.

Халықаралық коалиция күштері тарапынан Шабвиран аймағындағы ДАИШ нысаналарына 4 әуе операциясы жасалды. Операцияда 1 террористтің өлтірілгені, қарулы көлік пен ұшақ қағар қондырғысының жойылғаны білдірілді.

ДАИШ террор ұйымынан тазаланған аймақтарда оппозиционерлерге қолдау берген жарылғыш материалдарды анықтау және жою тобы тарапынан қазірге дейін 36 мина мен мың 443 қолдан жасалған жарылғыш жойылды.



Ұқсас жаңалықтар