Ердоған «Түркия-Африка экономикалық және іскер форумына» қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған батыс елдерінің Африка мен Таяу Шығыс саясатын сынға алды.

602094
Ердоған «Түркия-Африка экономикалық және іскер форумына» қатысты
türkiye-afrika ekonomi ve iş forumu.jpg
türkiye-afrika ekonomi ve iş forumu.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия мен босқын мәселесі сияқты негізгі адам құқықтары тақырыбында сынақтан өте алмағандардың Түркияға сабақ бере алмайтынын атап көрсетті.

Сириядағы азаматтық соғыс және босқын тақырыптарында батыстың қос стандарттарына назар аударған Ердоған «Әрі Африка елдері мен Таяу Шығыста дағдарыстарды асқындыратын бұл қақтығыстардан  пайда көрудің жолын іздеп, әрі олардың саясаттарынан зардап шеккен бейшараларға есіктерді жауып отырады. Қазір батыс жасап отырған осы емес пе?» деді.

Батыс әлемінің Африка саясатына да наразылық көрсеткен Ердоған «Бір жақтан экономикалық мүдделері бағытында көптеген Африка елін де кедейлікті хроникалық жағдайға айналдырады, басқа жақтан кедейлік пен қақтығыстардан қашқан жазықсыздардың Жерорта мен Эгей теңіздерінде суға кетуіне үнсіз қарап отырады. Одан кейін Айлан нәрестенің фотосуретін алып журналдарында отарлау құралы ретінде баспалайды» деді.

Африкалықтардың дәл түркиялық бауырлары секілді еркіндіктерін игілік немесе сәттілікпен емес, қаны мен жанын ортаға қойып қол жеткізгенін атап көрсеткен Ердоған «Жетістіктерімізді ешқандай тастамаймыз. Тастамауымыз керек. Әрине ұсыныстарға, жасампаз сындарға, тіпті ең қатаң сындардың өзіне қашанда ашықпыз. Ашық болуға міндеттіміз, дегенмен бізге жұдырық көрсетіп, қорлайтын тілмен бір бағыт белгілеуші болса оны қабылдамаймыз» деді.

Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысты сөз қозғаған президент Ердоған бұл құрылымның ұзақ жылдар бойы заңды көрінген мекемелердің шаңырағы астында күшейгенін, оқу, гуманитарлық жәрдем және келіссөз сияқты ұғымдардың артына жасырынып, мемлекетке дендеп енгенін білдірді.

FETÖ-нің 15 шілде күні армия құрамындағы қарулы тобы арқылы қанды бір төңкеріс әрекеті жасағанын түсіндірген Ердоған «Бұл ұйым кең тараған аймақтардың басында Африка құрлығы келеді. Бұл ұйымға қарсы абай болу керек. Келешекте сол елдердің мемлекеттік құрылымына тараған кезде «кешіктік» деуіңіз мүмкін. Біз бастан кешкеніміз себепті сіз бауырларымызға ескертеміз. Уақыт өтпей тұрғанда ескеріңдер дейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар