Түрік министрден АҚШ-қа ескерту

Боздағ FETÖ-нің мемлекеттегі құрылымына назар аударды.

598709
Түрік министрден АҚШ-қа ескерту

Әділет министрі Бекир Боздағ Америка Құрама Штаттарына егер шара қолданылмаса,  он жылдан кейін Фетуллахшы террор ұйымының жасырын құрылымының алдын ала алмайтыны жөнінде ескерту жасады.

Бекир Боздағ АҚШ-тағы байланыстарының екінші күнінде Саясат, Экономика және қоғамдық зерттеулері қоры Вашингтон кеңсесінің (SETA DC) бағдарламаға қатысты.

Бағдарламада сөз сөйлеген Боздағ Түркияда FETÖ-нің мемлекеттегі құрылымына назар аударды.

FETÖ-нің Америка мемлекеті құрамына енген тұлғалардан да ақпарат алғанын тілге тиек еткен министр «Түркияда былай деп айтқан Фетуллах Гүлен «Сіз Моссадтан, CIA-ден қорықпаңдар. Біз олардың іш киімінің түсіне дейін білеміз» бұларды адамдар өз араларында айтып жүреді. Ұйым мүшелері бір күн келеді, біз АҚШ-та, басқа елдерде шешім беретін боламыз» деп айтып жүреді» деді.

«Олардың түбегейлі мақсаттары - осы» деген министр террор ұйымының 18 жылдан бері де АҚШ-та жұмыс істей бастағанына назар аударды. «Егер шара қолданылмаса,  10 жылдан кейін ұйымның АҚШ-тағы құрылымының алдын ала алмайсыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар