Осында келіп, шындықты көрдік

TRT-ге Балқан елдерінен журналистер келді.

597488
Осында келіп, шындықты көрдік

TRT-ге Балқан елдерінен журналистер келді. 

Балқан аймағының 7 елінен келген 23 журналист Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінде басқынға душар болған TRT-ге келді.

Журналистер төңкеріс жасау әрекеті болған түні мәлімдеме оқылған 15 шілде Ұлт студиясын да аралады.

Сербиядан келген Владимир Филипович Фетуллахшы террор ұйымы жөнінде жеткілікті мағлұмат алғандарын, шындықтарды естігендерін айтты.

Делегация ардагер және шәйіт отбасыларымен де кездесіп, куәгерлерді тыңдады.

Албаниядан келген Юлиана Прифти «Албанияда шетелдік баспасөзден хабар алғандықтан, болған нәрселерді нақты білмейтін едік. FETÖ террорының шын бейнесін осында келіп түсіндік» деді.

Босниядан Элмина Мухич те «Осы сапар не болғанын түйсінуімен көмектесті.  Түрік халқының елдерін құтқару күшін көрдім.  Бұл мен үшін сенгісіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар