Евфрат қалқаны операциясы аясында 4 террорист өлтірілді

Евфрат операциясының 63-ші күнінде 5 оппозиционер шәйіт болды, 28 адам жарақат алды.

596580
Евфрат қалқаны операциясы аясында 4 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау мақсатты 24 тамыз күні Түркияның басшылығымен басталған Евфрат қалқаны операциясының 63-ші күні жалғасқан қақтығыстарда 5 оппозиционер шәйіт болды, 28 оппозиционер жарақат алды.

Операция аясында ДАИШ-тің 72, ПЙД/ПКК-нің 15 нысанасы жойылды.

Маре желісінде оппозициялық күштерден құрылған арнайы қызмет күші тарапынан құрлық пен әуеден жасалған шабуылдарда Актариннің оңтүстігінде орын алған 3 жергілікті аумақ (Тувайс, Әл-Гарз және Тлатинах) бақылауға алынды. Мина мен қолдан жасалған жарылғыштарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Коалиция күштері тарапынан Тувайс пен Хавзанда аймағында ДАИШ террор ұйымына бағытталған 4 әуе операциясында 4 террорист өлтірілді, 2 көлік, 2 ғимарат және 1 пулемет бекінісі жойылды.



Ұқсас жаңалықтар