Бингөлде 2 полиция шәйіт болды

Хаккари мен Тунжелидегі операцияларда ПКК-лық 11 террорист өлтірілді.

595142
Бингөлде 2 полиция шәйіт болды

Хаккаридің Чукурджа ауданында пилотсыз ұшақпен жүргізілген операцияда 4 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Хаккариде жалпы өлтірілген террорист саны 463-ке жетті.

Тунджелидің Оваджык аудан орталығы мен Ашағыторуноба ауылдық аймағындағы операцияларда 7 террорист өлтірілді.

Операция барысында бомбалы көлік қолға түсті.

Бингөлдің Генч ауданында болса ПКК-лық террористтер бомба тиелген трактормен сауытты полиция көлігіне шабуыл жасады.

Шабуылда 2 полиция қызметкері шәйіт болып, 4 қауіпсіздік қызметкері барлығы 15 адам жарақат алды.

Аудан орталығында террористтерді ұстау үшін операция басталды.



Ұқсас жаңалықтар