Түркия басшылығындағы Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Түрік қарулы күштері 24 тамыз күні бастаған Евфрат қалқаны операциясы 54-ші күнінде.

590535
Түркия басшылығындағы Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Түрік қарулы күштерінің 24 тамыз күні бастаған Евфрат қалқаны операциясы 54-ші күнінде.

Түрік қарулы күштері қолдау берген Еркін Сирия армиясы Сирияда Дабык ауылын, Соран ауданын, Хаварнехир және Истимнат аймақтарын ДАИШ-тен кері қайтарды.

Еркін Сирия армиясы күштері Азез-Желабрус желісінде бүгін бақылауға алған жаңа аймақтарда террор ұйымы тарапынан тұзақталған бомбаларды жоюға тырысуда.

Қауіпсіздік көздері Евфрат қалқаны операциясы аясында ең қиын сатылардың аяқталғанын операцияның жалғасатынын білдірді.

Басқа жағынан Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде ДАИШ-ке тиесілі 84 нысанасының жойылғаны білдірілді.

Шыққан қақтығыстарда 9 оппозиционер шәйіт болды, 28 оппозиционер жарақат алды.

Түрік әуе күштері қолбасшылығына тиесілі соғыс ұшақтары Евфрат қалқаны операциясы аясында Сирияның солтүстігіндегі Аршак пен Дабыкқа жасалған операциямен ДАИШ террор ұйымына тиесілі екі қорғаныс бекінісі, 3 басқару штаб пәтері және 1 антенна құрылғысы жойылды.

Коалиция күштерінің аталмыш аймаққа жасаған әуе шабуылында болса 7 террорист өлтірілген болатын.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде сондай-ақ Маренің шығысындағы Кайтун және Гейланийе аймағы бақылауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар