Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда
Түрік қарулы күштері ДАИШ-ке мүше 19 террористтің өлтірілгенін мәлімдеді.

Түрік қарулы күштері Евфрат қалқаны операциясы аясында кешегі қақтығыстарда 8 оппозиционердің шәйіт болғанын, ДАИШ-ке мүше 19 террористтің өлтірілгенін мәлімдеді.
Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеде «Оқиғаларда 22 оппозиционер жарақат алды. Операцияға қолдау берген жасақтарымыз кезкелген шығынға ұшырады» делінді.
Коалиция күштерінің Кафрах, Дувайбык, Ваках және Аршакқа жасаған 9 әуе шабуылында 28 ДАИШ-тік террорист өлтірілді.
ДАИШ-тен тазартылған аймақтардағы жарылғыш материалдар анықталып, жою жұмыстарының жалғасқаны білдірілді. Операция басталған күннен бері қазірге дейін 28 мина мен мың 36 жарылғыш жойылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ АФАД пен түрік қызыл жарты айының Сирия армиясы қызметкері мен аймақтағы жазықсыз адамдарға күніне 3 мезгіл ыстық тамақ пен денсаулық сақтау қызметі берілгені атап көрсетілді.
Түрік қарулы күштерінің операциясы барысында жазықсыз адамдардың зардап шекпеуі үшін әр түрлі шараның қабылдағанына назар аударылды.
Ұқсас жаңалықтар

Акар Мангумен кездесті
Хулуси Акар Экваторлық Гвинея президентінің орынбасары Теодоро Нгема Обианг Мангумен бас қосты.

Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу іс-сапарымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.