"Түрік ұлтына алғыс айтамын"

Азиз Санжар 15 шілде күнгі оқиғаларға байланысты TRT арнасына мәлімдеме жасады.

586086
"Түрік ұлтына алғыс айтамын"

Нобель сыйлығының лауреаты Профессор Азиз Санжар Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекеті алдында тік тұрған түрік ұлты мен мемлекет басшыларына алғыс айтты.

2015 жылы Нобель алған түрік ғалым Азиз Санжар 15 шілде күнгі оқиғаларға байланысты TRT арнасына мәлімдеме жасады.

Ұлттық сол күнгі ұстанымын мақтан тұтатынын атап көрсеткен Санжар: «Шәйіттердің барлығына Алланың нұры жаусын. Оларды мақтан тұтамыз. Тек шәйіттеріміз емес,  армиясының көбі, үкіметіміз, президентіміз, бас штаб басшысы қажетті нәрселерді атқарды.  Олармен мақтанамыз» деді.

«Осындай опасыз шабуыл менің елімде қалай болды? Әлі түсінер емеспін» деді ол.

Азиз Санжар төңкеріс жасау әрекетінен кейін президент, премьер-министр және басқа да лауазымды тұлғаларға қолдау хатын жіберді. Ол түрік ұлтының сүйіспеншілігі мен қолдауын әрқашан сезіп отырғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар