Стамбұлда қауіпсіздік саммиті болып өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Стамбұлда қауіпсіздік саммиті өтті.

Стамбұлда қауіпсіздік саммиті болып өтті

Бейлербейі сарайында өткен саммит 1 сағат 40 минутқа жалғасты.

Саммитке премьер-министр Бинали Йылдырым, вице-премьер Нуман Куртулмуш, Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералы Хулуси Акар, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык және тиісті бюрократтар қатысты.

Террормен күресте соңғы жаңалықтар және жаңа шаралар қарастырылған жиналыстың негізгі күн тәртібін Башика лагері себепті Ирак үкіметі мен Түркия арасындағы дағдарыс құрады.

Саммитте Сирияда жалғасқан Евфрат қалқаны операциясы, ДАИШ және ПКК террор ұйымдарынан бастап жалпы террормен күрес тақырыптары да қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар