Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тік 38 террорист өлтірілді

Әуе күштері қолбасшылығына тиесілі ұшақтар ДАИШ нысаналарын жойды.

585773
Евфрат қалқаны операциясы аясында ДАИШ-тік 38 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау мақсатты 24 тамыз күні бастаған Евфрат қалқаны операциясы аясында 38 ДАИШ мүшесі өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда операцияның 48-ші күнінде Әуе күштері қолбасшылығына қарасты ұшақтар тарапынан ДАИШ нысаналарына жасалған әуе операциясында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 7 террорист өлтірілді.

Операцияда қару-жарақ бекінісі мен араларында ұйымның штаб пәтері бар 5 ғимарат жойылды.

Шыққан қақтығыста 14 ДАИШ-тік террорист өлтірілді, 2 оппозиция сарбазы шәйіт болды. Қақтығыста 19 оппозиционерде жарақат алды.

Түрік қарулы күштері 102 ДАИШ нысанасын гаубица, көп тұмсықты зымыран жүйесі, пулемет және танкпен 416 рет атқылады.

Түрік әуе күштері 2 аймақта 4 нысананы жойды. Коалиция күштері болса Актарин, Түрікмен Бары және Хазван аймақтарына жасаған 10 әуе операциясында 1 көлік пен 3 ғимаратты жойды.

Операцияда ДАИШ террор ұйымы мүшесі 17 террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар