Түрік әскері Ирактағы болмысын жалғастырады

Премьер-министр Бинали Йылдырым түрік әскерінің Ирактағы болмысын жалғастыратынын білдірді.

584194
Түрік әскері Ирактағы болмысын жалғастырады

Ирак Өкілдер Мәжілісінің түрік әскерінің Ирактағы болмысы жайлы қабылдаған дағдарысты шешіміне премьер-министр Бинали Йылдырым нақты жауап қайтарды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым түрік әскерінің Ирактағы болмысын жалғастыратынын білдірді.

Йылдырым 9-шы Сауда және Өнеркәсіп кеңесі аясында Түркия палаталар мен биржалар одағы бас ғимаратында ұйымдастырылған жиналыста айтқан сөзінде Башика лагері тақырыбында түрік әскерінің Иракқа тұрақсыздық және террормен күрес мақсатты жіберілгенін білдірді.

Бинали Йылдырым Башикадағы түрік әскерінің Ирактағы хаос себепті жіберілгенін мәлімдеді.

Премьер-министр «Иракта 63 елден әскер бар. Ирактың түрік әскерінің болмысына қарсы ұстанымы мақсатты. Түрік болмысы жалғасады» деді.

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды ДАИШ террор ұйымынан тазалау операциясы жақындаған кезде Ирак орталық үкіметінің Башика лагері тақырыбындағы бұл ұстанымының түсініксіз екенін атап көрсеткен Йылдырым «Бұл ұстаным Ирак үкіметінің жұмысы емес. Біздің мақсатымыз адамзаттық трагедияның одан әрі қайталанбауы» деді.



Ұқсас жаңалықтар