Төтенше жағдайдың мерзімі созылды

Бұл туралы үкімет мәлімдемешісі жариялады.

582233
Төтенше жағдайдың мерзімі созылды

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш төтенше жағдайды 19 қазан күнінен бастап тағы 90 күн созылуына шешім берілгенін айтты.

Президент Ердоған басшылығында болған Министрлер кабинеті жиналысы өтіп жатқанда Нуман Куртулмуш баспасөзге мәлімдеме жасады.

«Министрлер кабинеті қолға алып жатқан тақырыптардың бірі – 21 шілде күні іске қосылған және 19 қазан күні аяқталатын Төтенше жағдайдың екінші мәрте созылуы. Министрлер кабинеті Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өткен аптадағы кеңесіне бағынып,  90 күнге созуға шешім қабылдады» деді ол.

Нуман Куртулмуш Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның басшысы Фетуллах Гүленнің қайтарылуына байланысты Америка Құрама Штаттарымен келіссөздің жалғасып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар