Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда
Соңғы операцияларда ДАИШ-ке мүше 13 террорист өлтірілді.

Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарын тазалау үшін Түрік қарулы күштері басшылығында 24 тамыз күні басталған Евфрат қалқаны операциясының 41-ші күнінде террористтермен шыққан қақтығыста режимге қарсы соғысқан 15 оппозиционер шәйіт болды, 35 оппозиционер жарақат алды.
Операцияларда ДАИШ террор ұйымына мүше 13 террорист өлтірілді.
Операциялар аясында Түрік қарулы күштері ДАИШ-ке тиесілі 63 нысананы атқылады, көптеген бекініс жойылды.
Түрік соғыс ұшақтары террор ұйымына тиесілі 9 ғимаратты да бомбалады.
Қазірге дейін 111 тұрғын алаңы оппозиционерлер тарапынан бақылауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар

Акар Мангумен кездесті
Хулуси Акар Экваторлық Гвинея президентінің орынбасары Теодоро Нгема Обианг Мангумен бас қосты.

Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу іс-сапарымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.