«Евфрат қалқаны» операциясы жалғасуда

Түрік Қарулы күштерінің «Евфрат қалқаны» операциясының 23-ші күнінде Бас штабтан хабарлама келді.

571361
«Евфрат қалқаны» операциясы жалғасуда

«Евфрат қалқаны» операциясы жалғасуда.

Түрік Қарулы күштерінің «Евфрат қалқаны» операциясының 23-ші күнінде Бас штабтан хабарлама келді.

Хабарламада операция аясында Сирия шекара желісінде Джераблус пен Раи аймақтарында бақылауға алынған жерлерде қорғаныс шаралары қолданылуда екені білдірілді.

Қазірге дейін барлығы 527 нысанға 2 мың 255 оқ атылды.

Осы арада ДАИШ террор ұйымы орналастырған 26 мина мен 671 қолдан жасалған жарылғыш табылып, жойылды.

Сонымен қатар Апат және төтенше жағдай басқармасы мен Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Еркін Сирия Армиясы және бейбіт халыққа қажетті логистикалық қызмет беруді жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар