Мемлекет басшылары құттықтау жариялады

Мемлекет басшылары Құрбан айтқа орай құттықтау жариялады.

Мемлекет басшылары құттықтау жариялады

Бүгін – Құрбан айт. Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтқа орай жариялаған құттықтауында айттың ұлтқа, Ислам әлемі мен адамзатқа қайырымдылық әкелуін тіледі.

Құттықтауында Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне де тоқталған Ердоған «Ұлтымыз, өз билігін жоққа санаған террормен, қақтығыспен еліне тізе бүктіре алатынын, мемлекетті қолға түсіре алатынын ойлағандарға тойтарыс берді. Мұндай ниетпен қозғалғандар енді мынаны жақсы білсін, алдарында 570 мың адамнан тұратын армиясымен, 260 мың адамнан тұратын полиция ұйымымен, 7 жастан 70 жасқа дейін 79 миллиондық ұлтымен бір тұтас Түркия көретін болады» деді.

Түркияның 2023 нысанасына қол жеткізу үшін тұрақтылықпен жолын жалғастырғанын атап көрсеткен Ердоған «Нысанамыз бізден кейінгі ұрпаққа 2053 және 2071 нысанасын жүзеге асыра алатындары бір Түркия қалдыру» деді.

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал лейтенант Хулуси Акар болса құттықтауында «Соңғы террористтің көзі жойылғанша үлкен бір қайрат және тұрақтылықпен террормен күрес операциялары жалғастырылады» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Кахраман болса жариялаған Құрбан айт жолдамасында «Ең үлкен байлығымыз айырмашылықтарымызды, бейбіт және тыныштықпен бір ортада жалғастыруымыз» деді.

Кахраман «Әртүрлі жаман сценарийлерді теріске шығарған ұлтымыз, үміттерін жандандырып, болашағына бағыт алды. Мемлекетімізді қирату әрекеттері мен елімізді қоршау талпыныстары, ие болғанымыз сұлулықтарды одан жақсы түсінуге себеп болды» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да құттықтауында «Қиянат жасаған топ күш біріктірген ұлттың тұтастығына ешқандай зиян келтіре алмайды. Ынтымақтастығымызды нысанаға алған, күшімізді жойғысы келген барлық ойындар босқа шығады» деді.

Террор мен қақтығыстар толығымен жойылғанша күрестің жалғасатынын атап көрсеткен Йылдырым «Ешбір ұйым ұлтқа тізе бүктіре алмайды» деді.

Оппозиция партиясы басшысы Кемал Кылычтароғлуның айт құттықтауында да төңкеріс әрекеті және террормен күрес тақырыбы орын алды.

Кылычтароғлу «15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде және шекараларымыздың арғы жағындағы террормен күресімізде шәйіт болғандарымыз айтты одан да өкінішті қылады» деді.

Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели болса жариялаған құттықтауында Түркияның өте қиын бір кезеңнен өткенін және аса маңызды мәселелермен күрескенін атап көрсетті.

Бахчели «Дұшпан бекіністерінде одақтасқан FETÖ, ПКК, ДАИШ, DHKP-C, ПЙД/ЙПГ сияқты террор ұйымдарының күшін әлсірету, толығымен тарқату, тазалау тек қана ұлттық рух және моральдің күшімен мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар