НАТО Бас хатшысы Түркия сапарын бағалады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтың Түркиямен толық мағынада ынтымақтастық жасағанын атап айтты.

568563
НАТО Бас хатшысы Түркия сапарын бағалады

Ресми сапармен Анкараға келген НАТО Бас хатшысы Столтенберг бір телеарнаның сұрақтарына жауап қайтарды.

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркияға жасаған сапары жайлы көзқарастарын бөліскен Столтенберг «Бұл төңкеріс әрекеті Түркия демократиясы үшін бір травма болды. Тек қана билікке емес, сондай-ақ демократиялық мекемелер, НАТО және көптеген мекеменің өзегіндегі күштерге қарсы бір шабуыл еді» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен төңкерістің алғашқы сағаттарында әңгімелескенін және төңкеріс әрекетін айыптағандарын және НАТО-ның Түркиямен ынтымақтастығына назар аударған Столтенберг «Түрік халқының осыған қарсы шығуы, төңкерісшілдерге қарсы шеруге шығуы және демократияны иеленуі маған қатты әсер етті. НАТО-ның Түркиямен бұл қиын кездерде толық мағынада ынтымақтастығы бар» деді.

Столтенберг «Төңкеріс бастамасынан кейін батыс медиасында Түркияның НАТО мүшелігі жайлы күдік туғызды, сіз бұл күдіктерге қосыласыз ба?» деген сұраққа «Жоқ, ешқандай қосылмаймын. Түркия НАТО-ның аса маңызды одақтастарының бірі. Әсіресе шығыс аймақтарында бұл одақтастың маңызы үлкен. Түркия барлық НАТО одақтастары арасында маңызды болып табылады» деді.

Президент Ердоғанмен кеше өте табысты бір кездесу өткізгендерін жеткізген бас хатшы Столтенберг НАТО-ның Түркиядағы болмысының әуе қолдауы тұрғысынан маңызын арттырғанын және бүкіл одақтастарды да бұл тақырыпта ынталандыруды жалғастырғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар