Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Түрік қарулы күштері Желабрус аймағын террористтерден тазалауда.

562992
Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Түрік қарулы күштері Евфрат қалқаны операциясының 8-ші күнінде Зайгар мен Куллиях аймақтарында бір топ террористке қоса, баспана ретінде қолданылған 4 ғимаратты әуе күштеріне тиесілі ұшақтармен жойды.

Бас Штаб Басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түрік қарулы күштері бұл аймақтардағы террор ұйымына тиесілі 25 нысананы гаубицалармен атқылады.

Мәлімдемеге қарағанда Түрік қарулы күштері ортақ арнайы міндет күші және коалиция әуе күштері тарапынан Сирияның Түркия шекарасындағы Желабрус аймағында лаңкестік қауіптерге қарсы басталған Евфрат қалқаны операцисясы Түркияның халықаралық заңдардан туындаған құқы және БҰҰ келісімінің 51-ші бабында орын алған Заңды қорғаныс құқы мен БҰҰ-ның ДАИШ-пен күреске бағытталған шешімдері аясында жүргізіледі.

Коалиция әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары болса Гүзелмезра аймағына жасаған әуе операциясы нәтижесінде ДАИШ-ке тиесілі қарулы көліктерді жойды.

Евфрат қалқаны операциясы барысында Тәуелсіз Сирия армиясымен бірге аймақта жалпы 32 ауыл террористтерден тазаланды.



Ұқсас жаңалықтар