Түрік қарулы күштері Сирия операциясы жайлы мәлімдеме жасады

«Евфрат қалқаны операциясы» аясында ПКК/ПЙД мүшесі 25 террорист өлтірілді.

561049
Түрік қарулы күштері Сирия операциясы жайлы мәлімдеме жасады

Сирияның Желабрус аймағында жалғасқан «Евфрат қалқаны операциясы» аясында ПКК/ПЙД мүшесі 25 террорист өлтірілді.

Түрік қарулы күштері Желабрустағы операция жалы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Түрік қарулы күштері мен Тәуелсіз Сирия армиясы тарапынан Желабрус аймағында жүргізілген «Евфрат қалқаны операциясына» қолдау берген топтарға террористік топтың шабуылы анықталып, коалиция құрамында жүргізілген әуе шабуылы нәтижесінде PKK/PYD мүшесі 25 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Басқа жағынан Желабруста 10, Раи аймағында 3 ауыл террористтерден тазаланып, ДАИШ-тен кері қайтарылды.

Мәлімдемеде операция аясында шекара желісіндегі террористтерді тазалау және аймаққа гуманитарлық жәрдем жеткізу жұмыстарының жалғасқаны атап көрсетілді.

Премьер-министрлік координация орталығы «Евфрат қалқаны операциясы» барысында жазықсыз адамдардың нысанаға алынғаны жайлы қауесеттерді теріске шығарып, Түрік қарулы күштерінің бұл тақырыпта өте абай қозғалғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар