Түрік қарулы күштері Сириядағы террор ұйымдарын нысанаға алды

Түрік қарулы күштері террор ұйымдарының Мүнбич пен Желабрус аудандарындағы бекіністерін жойды.

557372
Түрік қарулы күштері Сириядағы террор ұйымдарын нысанаға алды

Түрік армиясы бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің Халеб қаласына қарасты Мүнбич аймағының солтүстігінде орын алған бекіністерін атқылады.

Мүнбич тек Сирияның емес, аймақтың да стратегиялық ауданы болып табылады.

Евфрат өзенінің батысында орын алған Мүнбич өткен апта PYD террор ұйымының бақылауына өткен болатын.

Түрік қарулы күштері оған қоса қанды террор ұйымы ДАИШ-тің тағы Халебке қарасты Желабрус ауданындағы бекіністерін жойды.



Ұқсас жаңалықтар