"Халықтың ұйымшылдық рухы - бәрінен де үстем"

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Түркияның көршілерімен проблеманы азайтатын қадамдарының Фетуллахшы террор ұйымы мен оны жақтаушыларды алаңдатқанын айтты.

554387
"Халықтың ұйымшылдық рухы - бәрінен де үстем"

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Түркияның көршілерімен проблеманы азайтатын қадамдарының Фетуллахшы террор ұйымы мен оны жақтаушыларды алаңдатқанын айтты.

Куртулмуш Түркияның өте мықты екеніне назар аударып: «15 шілде күнгі Түркияда халықтың ұйымшылдық рухы – барлық нәрседен үстем. Саясаттың,  азаматтық ұйымдардың,  медианың араларындағы өзгешеліктерді бір шетке тастап,  демократияны қорғауы әрі саясатта,  әрі басқа да салаларда жаңа бір тіл,  жаңа бір стильдің жетілуіне себеп болды. Бұл одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз» деді.

Вице-премьер Куртулмуш Чанкая сарайында дипломатия саласында қызмет ететін газет, телеарна және кейбір үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бас қосты.

Куртулмуш осында Түркиядан бұдан былай экономикалық және саяси тұрақтылығын жалғастыруы керектігін баса айтты. «Саясаттағы және экономикадағы тұрақтылықты жалғастыру үшін барлығымыз бірге жаңа қадам басуымыз керек. Барлық мүмкіндігімізбен Түркияда толық мағынасымен демократия болуы үшін жұмыстанамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар