ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы делегациясы Түркияда

Мәжіліс төрағасы ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы төрайымын қабылдады.

553425
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы делегациясы Түркияда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман Еуроодақтың демократиялық құндылықтарын қорғаған Түркиямен ынтымақтастық жасаудың орнына түрік ұлтын жалғыз қалдыруды таңдағанын атап көрсетті.

Кахраман Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясы (AGİTPA) төрайымы Кристин Муттонен мен қасындағы делегацияны қабылдады.

Кахраман қабылдауда айтқан сөзінде «Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркия өте жылдам күнделікті тіршілігіне оралды» деді.

Мәжіліске келу былай тұрсын өте аз еуропалық парламент басшысының телефон немесе хат арқылы тілек білдіргенін атап айтқан Кахраман «Түрік халқы бұл кезеңде өкінішке орай әрі кейбір еуропалық саясат қайраткерінің, әрі батыс медиасының өз құндылықтарымен қарама-қайшы екеніне куә болды» деді.

Кахраман «Еуроодақ демократиялық құндылықтарын қорғаған Түркиямен ынтымақтастық жасаудың орнына түрік ұлтын жалғыз қалдыруды таңдады. Еуроодақ Түркияның мүшелігі үшін соңы келмейтін келіссөз кезеңіндегі мақсатты ұстанымына, табыссыз төңкеріс әрекеті алдындағы ойландыратын ұстанымын қосты» деді.

FETÖ/PDY-нің түнектігін түсіндірген Кахраман «теңдесі жоқ құпия секта» деді.

Ассамблея төрайымы Муттонен болса FETÖ/PDY-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін айыптап мұндай әрекеттің қабылданбайтынын атап көрсетті.

Делегация бомбаланған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін аралады.



Ұқсас жаңалықтар