«Демократия және шәйіттер митингіне» азаматтардан қолдау

«Демократия және шәйіттер митингіне» қолдау ретінде әртүрлі қала мен аудандарда халық митинг ұйымдастырды.

547192
«Демократия және шәйіттер митингіне» азаматтардан қолдау

Стамбұл Йеникапыда ұйымдастырылған «Демократия және шәйіттер митингіне» елдің түкпір-түкпірінен жиналған азаматтар тәуелсіздіктің символы түрік жалауларымен қолдау берді.

Түрік ұлтының бірлік пен ынтымақтастығының көрсеткіші болған «Демократия және шәйіттер митингіне» әртүрлі қала мен аудан тұрғыны қолдау беріп, төңкерісшілерді лағынеттеді.

Анкарада қолында түрік байрақтары, Гази Мұстафа Кемал Ататүрік және президент Режеп Тайып Ердоғанның суреттерімен Қызылай алаңында жиналған азаматтар «Шәйіттер өлмейді, отан бөлшектенбейді» деп ұран тастады.

Халық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырылған ашылу рәсімінің артынан алаңдағы үлкен экран арқылы Стамбұл Йеникапыдағы үлкен митинг бағдарламасына байланыс жасалды. Ұлттық әнұранды бір ауыздан жаппай оқыған азаматтар Құран тыңдады.

Измирде Қонақ ауданындағы митингке қатысқан измирликтер қолдарындағы түрік байрақтарымен Фетуллахшы террор ұйымына (FETÖ) қарсы ұрандар тастады.

Ердоғанды сүйіспеншілікпен қарсы алған азаматтар «Түркиям» атты әнді бірге шырқады.

Шанлыурфа Рабиға алаңындағы митингке түрік, араб және күрд текті азаматтарға қоса, қаладағы кейбір сириялықтар да 40 градус ыстық ауа райына қарамастан қатысты.

Анталияда Республика алаңындағы митингте президент Режеп Тайып Ердоғанның Стамбұлдағы баяндамасына азаматтар да ұялы телефондарының жарықтарын ашып қолдау берді.



Ұқсас жаңалықтар