Түрік делегациясының АҚШ-тағы байланыстары

АҚШ әкімшілігі атының  Фетуллахшы террор ұйымымен бірге аталуына мазасыз.

544606
Түрік делегациясының АҚШ-тағы байланыстары

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы істер комитетінің төрағасы Таха Өзхан АҚШ әкімшілігінің атының  Фетуллахшы террор ұйымымен бірге аталуына мазасыз екенін айтты.

Таха Өзхан басшылығындағы Мәжіліс Сыртқы істер комитеті делегациясы АҚШ-тағы байланыстарын жалғастыруда.  Бас қала Вашингтонда АҚШ Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік министрлігінде кездесулер жүргізген делегация бүгін де БҰҰ-на барады.

Вашингтондағы кездесулерде Гүленнің қайтарылуын қолға алғандарын білдірген Өзхан Қорғаныс министрлігі басшыларының Түркия мен АҚШ қатынастарындағы терең тарих пен оның бағасын білетіндерін көргенін айтты.

Таха Өзхан әрі әкімшілікпен,  әрі қоғамдық ұйымдармен кездесулерінде FETÖ ұйымының қауіптерін атап көрсеткендерін және сұхбаттастарының осы тақырыпта тақырыптың маңызын түсіне бастағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар