Армия генералы мәлімдеме жасады

"Мемлекеті мен ұлтына опасыздық жасағандар жазасыз қалмайды"

530483
Армия генералы мәлімдеме жасады

Бас штаб төраға орынбасары, армия генералы Үмит Дүндар 90 адам шәйіт болған, 104 бүлікші өлтірілген,  1563 адам тұтқындалған төңкеріс бастамасын Түркияның жеңгенін айтты.

Генерал Дүндар Стамбулда камера алдына шығып,  тойтарыс берілген әскери төңкеріске байланысты мәлімет берді.

Генерал былай деді: «Түрік Қарулы күштерінде орын алған түрлі шендегі әскерилердің төңкеріс бастамасын көтергенді түсінікті болды.  Бірнеше қолбасшы белгісіз жерлерге әкетілген. Төңкеріс бастамасын Түрік қарулы күштері алғашқы сәттен-ақ қабылдамады. Президентіміз,  премьер-министріміз,  министрлеріміз демократия ішінде осы бастаманың алдын алды.  Мемлекеті және ұлтымен иықтасқан Түркия осы төңкеріс бастамасын алып ұрды»

«Бұл ұлты осы опасыздықты ұмытпайды.  Ұлтымызға алғысымыз шексіз. Түркия төңкеріс және хунта дәуірін толығымен жапты» деді ол.

Армия генералы Дүндар төңкеріс бастамасында 90 шәйіт бар екенін,  олардың 41-інің полиция қызметкері, екеуінің әскери қызметкер екенін,  104 бүлікшілдің өлтірілгенін, 1563 бүлікшінің ұсталғанын айтты.

Бас штабтың төрағасы Хулуси Акардың да міндетін бастағанын білдірген Генерал Дүндар: «қалған қолбасшыларымыз жөнінде мәлімет беру әзірге мүмкін емес» деді.

Параллель мемлекеттің мүшелерінің армия қатарынан толығымен тазаланатынын атап көрсеткен Дүндар былай деді: «Мемлекеті мен ұлтына опасыздық жасағандар жазасыз қалмайды.  Түрік Қарулы күштер демократиялық,  құқық мемлекетінде болуы керек түрде мемлекетінің әмірінде бір мемлекет мекемесі ретінде жұмыс істеуін жалғастырады. Демократия мен ұлттық ерік-жігерге ие шыққан барлық саяси партиялар мен медиа өкілдеріне алғыс айтамын»



Ұқсас жаңалықтар