Сириялықтарға үй беріледі

Ердоған Польшадағы НАТО саммитінен ораларда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

526916
Сириялықтарға үй беріледі

Президент Режеп Тайып Ердоған елдегі сириялықтарға топтық тұрғын үйлерге орналастырылуы мүмкін екенін айтты.

Ердоған Польшадағы НАТО саммитінен ораларда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бүгін бір түрік Германия немесе Америка азаматы болатын болса,  осындай жағдай Түркиядағы босқын сириялықтар үшін де мүмкін екенін айтқан Ердоған айырықша сириялықтармен осы аймақта көптеген жылдар бойы достық, бауырластық және ағайындық қатынастың бар екенін меңзеді.

Сириялықтарға азаматтық берілуінің Түркия сынды үлкен елге мәселе еместігін білдірген президент: «Бұл ұлт қазір 79 миллионмен 780 мың шаршы километр алаңда өмір сүруде. Бізден жартылай кіші Германияда болса қазір 85 миллион адам өмір сүреді. Сондықтан біз бұл проблеманы шешетін елміз» деді.

Президент босқындардың көптеген жыл бойы босқын лагерлерінде тұра алмайтынын айтты. «Топтық тұрғын үй басқармасының қолында бос үйлер бар. Эрзинджанда месхет түріктеріне қалай үй берген болсақ,  оларға да береміз. Олар де ақшасын бөліп төлер» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар