Түрік ұшағы НАТО саммитінде қызмет атқарады

Саммиттің қауіпсіздігінің әуеден қамдалуына Түркия да қолдау береді.

524637
Түрік ұшағы НАТО саммитінде қызмет атқарады

Польшадағы НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммитінің  қауіпсіздігінің әуеден қамдалуына Түркия да қолдау береді.

8-9 шілде күндерінде Варшавада өтетін және президент Ердоған да қатысатын НАТО саммиті үшін қауіпсіздік шаралары қолданыла бастады.

Польшаның шараларына НАТО-ға мүше елдер де өз мүмкіндігінде көмек береді.

Осы аяда Түркия саммиттің қауіпсіздігінің әуеден қамдалуында міндет атқарады.

Франция және Польша да қолдау беретін осы міндет барысында әуеден барлау және бақылау ұшағы Польша аспанында ұшады.

Кониядағы базадан ұшатын ұшақ Польшаға кетеді. Бұл ұшақ жағармайын аспанда алады. Осы міндет ұшақтың шетелдегі алғашқы міндеті болады.



Ұқсас жаңалықтар