Түркия мен Израиль арасындағы қатынастар қалыпқа енеді

Екі елде келісімге қол қойды.

Түркия мен Израиль арасындағы қатынастар қалыпқа енеді

Түркия мен Израиль арасындағы қатынастар қалыпқа енеді.

Келіссөздерден кейін келісілген келісімге екі ел қол қойды.

Келісімге Түркия атынан Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Феридун Синирлиоғлу, Израиль атынан Сыртқы істер министрлігі бас директоры Доре Голд қой қойды.

Келісімге екі жақ та қол қойғаннан кейін бекіту үдерісі басталды.  Мәтін Израиль кабинеті мен Түрік мәжілісінде бекітілгеннен кейін екі ел өзара өкілетті елшілерін тағайындайды.

2010 жылдың 31 мамыр күні Израиль әскерлері халықаралық су айдынында Газаға гуманитарлық көмек апара жатқан Көгілдір Мәрмәр кемесіне қанды шабуыл жасаған болатын.

Шабуылда 9 белсенді қаза тапқан еді.

Осы оқиғадан кейін Түркия мен Израиль қарым-қатынастары бұзылған болатын. 2013 жылы Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обаманың құзырында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефонда президент Ердоғаннан (ол кезде премьер-министр) кешірім сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар